Елорда жаңалықтары

Биыл Есіл ауданында 11 аула абаттандырылады

Елордада қалалық мәслихат депутаттары Есіл, Нұра ауданындағы аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді аралады, деп хабарлады Elorda.info.

Депуттатық топтың құрамында  Астана қалалық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы  Асқар Смағұлов,  «Аманат» партиясы фракциясының жетекшісі Ғабит Тәжімұратов, депутаттар Кендебай Адамбеков, Ерлан Дәкенов, Бекзат Жолжақсынов, Арсланбек Мағзұм, Баһаргүл Төлеген, және Мәдина Әжікенова болды.

Аралау жұмысы Есіл ауданындағы «Қуаныш» тұрғын үй алабынан басталды. Халықаралық әуежайға жақын маңдағы тұрғын үй кешені 2018 жылы пайдалануға берілген. Құрылыс компаниясы салған ойын алаңындағы әткеншек, сырғанақ және тағы басқалар ескіріп,кейбірі сынып үлгерген.  Бұл туралы үйдің тұрғыны 70 жастағы  Фатима Боятжанова айтты. 

Биыл Есіл ауданында 11 ауланы абаттандыру жоспарланып отыр. Оның 7-інде ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіліп, 4-еуі торлық аяқталған.

Сондай-ақ халық қалаулылары  шаһардың шеткі аудандарында интернет байланысының мүмкіндігі мен қоғамдық көлік қатынасы, жарықтандыру деңгейіне қатысты мәселені де көтерді.  

Аудан әкімінің орынбасары бұл аудандарда интернет мәселесі бар екенін жасырмады. Ол бұл мәселелердің кезең-кезеңімен жоспарға сай шешіліп жатқанын жеткізді.

Кейін депутаттар Пригородный шағын ауданындағы «Оңтүстік» тұрғын үй кешеніне барды. 2022 жылы балалар ойын алаңы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жарақаттан қорғайтын резеңке жабындысымен жабылған екен.. Мамандардың айтуынша мұндай материал қатты ыстыққа да және суыққа да төзімді, бәрінен бұрын суды жинамайды.

 Одан ары қарай депутаттық  топ «Уют» тұрғын үй кешенінің аула жағдайымен танысты.

Кейін мәслихат депутаттары Нұра ауданына қарасты «Памир» тұрғын үй кешеніне барды. Биыл мамыр айында құрылған ауданда барлығы 330 аула бар. Соның 4-нде биыл жөндеу жұмыстары аяқталады. 

-->

Мұнда 100-ге жуық бала көрші үйлердің алаңына барып ойнайды. Немеремізді ертіп біз де барамыз. Бірнеше жылдан бері ауланы жөндеп, футбол алаңын салып беруді сұрап жатырмыз. Әзірге өтінішіміз аяқсыз қалып жатыр, - деді қала тұрғыны.

Биыл Есіл ауданында 11 ауланы абаттандыру жоспарланып отыр. Оның 7-інде ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіліп, 4-еуі торлық аяқталған.

Әсіресе футбол, волейбол, баскетбол және гимнастика алаңын салуға мән бердік. Сондай-ақ балалар жарақат алмайтындай қауіпсіз спорттық тренажерлерді, резеңке жабындысы бар ойын алаңы пайдалануға берілді. Есіл ауданында бюджет мүмкіндігіне қарай 36 үйдің ауласын жаңарту, жаңғырту жұмысын жүргізу жоспары бар. «Қуаныш» тұрғын үйінің ауласы мердігер компанияның есебімен салынды, - деді Есіл ауданы әкімнің орынбасары Елнар Уахитов.

Сондай-ақ халық қалаулылары  шаһардың шеткі аудандарында интернет байланысының мүмкіндігі мен қоғамдық көлік қатынасы, жарықтандыру деңгейіне қатысты мәселені де көтерді.  

Аудан әкімінің орынбасары бұл аудандарда интернет мәселесі бар екенін жасырмады. Ол бұл мәселелердің кезең-кезеңімен жоспарға сай шешіліп жатқанын жеткізді.

Кейін депутаттар Пригородный шағын ауданындағы «Оңтүстік» тұрғын үй кешеніне барды. 2022 жылы балалар ойын алаңы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жарақаттан қорғайтын резеңке жабындысымен жабылған екен.. Мамандардың айтуынша мұндай материал қатты ыстыққа да және суыққа да төзімді, бәрінен бұрын суды жинамайды.

 Одан ары қарай депутаттық  топ «Уют» тұрғын үй кешенінің аула жағдайымен танысты.

Бұл тұрғын үй кешенінде 504 пәтер бар. Ал ауласында 300-дей бала ойын ойнайды. Тұрғын үй шаһардың дәл ортасында орналасқан. Бұрын бұл маңда ойын алаңқайлары ескіріп, шаң-тозаң болған. Кейін бюджеттен қаржы бөлініп, балалар ойын алаңдары мен ересектер кешкілік сейіл құратын орын, жаңартылды. Мұнда бос уақытында балалар футбол ойнайды, ересектер басқа да  спорт түрлерімен шұғылданады.  Ал біз, депутат ретінде аулаларды үнемі аралап, тексеріп отырамыз. Өйткені осындай орындар үй ауласында өте қажет. Әлбетте, әлі де қалада тозығы жеткен аулалар бар. Біз соларды аралап, қадағалайтын боламыз, - деді мәслихат депутаты Ерлан Дәкенов.

Биыл сәуір айында бюджеттен 26 ауланы жөндеуге және жаңартуға қаржы бөлдік. Кейін шілде айында тағы да қосыма 50-ге тарта аулада жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бердік. Бастысы шаһардың оң және сол жағалауы да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Қаладағы тұрғын үй кешендерінің маңына аулалар өте қажет. Мұнда балалар футбол ойнаса, ал ересектер сейіл құрады, - деді мәслихат депутаты Кендебай Адамбеков.