Елорда жаңалықтары

Биыл елордада жаңа 27 мектеп салынады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елорданың білім басқармасы ұжымымен кеңес өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Басқосуда білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Ведомство басшысы министрлік тарапынан қабылданған маңызды міндеттерге тоқталды.

Ғани Бейсембаев өткен жылы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Астананы дамыту мәселелеріне арналған кеңестен кейін Оқу-ағарту министрлігі мен Астана әкімдігі елорданың білім жүйесін дамытудың 2029 жылға дейінгі жол картасын қабылдағанын еске салды. Ол құжат нақты түйткілдерді, соның ішінде үш ауысымды оқыту мәселесін шешуді қамтиды.

Бүгінде елордада 175 жалпы білім беретін мектеп, 550 балабақша және 33 колледж жұмыс істейді. Ведомство басшысы олардың жұмысымен танысып, балалармен сөйлесті. Сабақтарға қатысып, педагогтермен кездесулер өткізді.

Министр педагогтерді қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасатынына тоқталды. Атап айтқанда, педагогтердің денсаулығын нығайтуына, біліктілігін арттыру үшін шетелде тәжірибе алмасып, тағылымдамадан өтуіне ерекше назар аударылады.

-->

Біздің басты міндетіміз – балаларымызға барынша қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау. Бұл мәселеде елорданың білім беру жүйесі өзге өңірлерге үлгі болуы тиіс. Министрлік өз тарапынан негізгі міндеттерді шешуде әкімдікке қолдау көрсетуді жалғастыруға дайын. Бірлескен жұмыстың арқасында өткен жылы ғана 12 жаңа мектеп ашылды. Оның 10-ы министрліктің қолдауымен пайдалануға берілді. Биыл тағы 27 мектеп салынады. Инфрақұрылымды дамытумен қатар жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. Елордалық 18 педагог кадр резервіне кірді, 7 педагог басшылық лауазымдарға тағайындалды, - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.