Биыл елордада 24 кәсіпорын іске қосылады
Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Шағын және орта бизнестің қала экономикасына салымының үлесі шамамен 69,5% құрайды немесе 7,3 трлн теңге (2022 жыл).
-->
Шағын және орта бизнестің қала экономикасына салымының үлесі шамамен 69,5% құрайды немесе 7,3 трлн теңге (2022 жыл).
Былтыр шағын және орта бизнес 11 трлн 400 млрд теңгенің өнімін шығарды.
Биыл кәсіпкерлердің төрт мың жобасына жалпы сомасы 29,5 млрд теңгені құрайтын қаржылай көмек көрсету жоспарлануда.
Елордада 154 инвестициялық жобадан құралған пул жасалды. Осы жылы 24 кәсіпорынды іске қосу күтілуде, - деді елорда әкімі.