Биыл елордада 165 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл елордада 165 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгінде Қ.Мұнайтпасов көшесінен Петров көшесіне дейінгі жұмыс аяқталды. Көлеңкелі шатырлар, ойын алаңдары орнатылып, ағаштар мен жасыл желектер отырғызылды. Бұл қаладағы барынша көгалдандырылған көшелердің бірі болып саналуы мүмкін. Мұнда ірі жөке ағаштары, көпжылдық бұталар және т.б. отырғызды. Петров көшесі мен Б.Момышұлы даңғылы аралығындағы учаскені қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
-->
Елордада тұрғындардың қолайлы демалысы үшін жаңа әрі тартымды орындар ашылып жатыр. Бүгін жанданған көшелердің бірі – Сәтбаев көшесін араладым. Мұнда біз Қажымұқан көшесінен Петров көшесіне дейін қайта жаңғырту жұмысын жүргізіп жатырмыз. Жаяу жүргіншілер жолының жалпы ұзындығы – 3,5 км, - деп жазды қала әкімі.
Бүгінде Қ.Мұнайтпасов көшесінен Петров көшесіне дейінгі жұмыс аяқталды. Көлеңкелі шатырлар, ойын алаңдары орнатылып, ағаштар мен жасыл желектер отырғызылды. Бұл қаладағы барынша көгалдандырылған көшелердің бірі болып саналуы мүмкін. Мұнда ірі жөке ағаштары, көпжылдық бұталар және т.б. отырғызды. Петров көшесі мен Б.Момышұлы даңғылы аралығындағы учаскені қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Сол сияқты мәселен қала тұрғындары мен қонақтары үшін Ақбұлақ жағалауы жайлы орындардың бірі болады, ал «Амман» және «Абылай хан» көпірлерінің астында жаяу жүргіншілер өткелдері құрылды. Олар Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақ кластерлерін өзара байланыстырды. Орталық жағалаудың тарихи көшелері (Желтоқсан, Бейбітшілік, Бұқарбай батыр көшелері) және т.б. жаңарып жатыр.
Биыл барлығы 165 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз. Жұмыс қаланың барлық ауданында жүріп жатыр. Бұл жұмыстың бір бөлігі бүгінде аяқталды. Қаламыз одан да жайлы әрі жасыл болады! – деді елорда әкімі.