Биыл Астанада жеке инвесторлар есебінен 2 оқушылар сарайы ашылды
Биыл елордада 2 оқушылар сарайы ашылды. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 7 арнаның «Саясаткер» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Былтыр біз арнайы бағдарламаны қабылдадық. Нәтижесінде алдағы 3-4 жылда 15 оқушылар сарайын ашамыз деп жоспар құрдық. Биыл екеуі ашылды. Біріншісі Тұран даңғылының бойында, екіншісі жастар саябағының қасында орналасқан. Олар – жекеменшік. Жергілікті бюджет есебінен қосымша 3 оқушылар сарайының құрылысы 2-3 айда басталады. Оның құрылысы жоспар бойынша 1 жыл ішінде аяқталады», - деді Жеңіс Қасымбек.