Биыл Астанада үш ауысымды мектеп болмайды – әкім
Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әкімнің айтуынша, былтыр үш ауысымды 8 мектептің бесеуіндегі проблема жойылған. Жоспар бойынша биыл Астанада үш ауысымды мектеп мүлде қалмайды.
Алдағы 5 жыл ішінде оқу орындарының санын 30-40 пайызға арттыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар былтыр 24 мектеп іске қосылса, биыл 15 мектеп пайдалануға берілетінін атап өтті.