Елорда жаңалықтары

Биыл Астанада 2065 құдық ашық қалған

Жыл басынан бері «iKOMEK109» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына ашық құдықтар мен люктерге қатысты 2 065 өтініш келіп түскен, деп хабарлады Elorda.info тілшісі. 

Бүгінде олардың 2008-і жабылса, қалған 57 өтініш бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Көбіне осындай құдықтардың қақпағы темір немесе өзге де ерекше материалдардан жасалады. Сондықтан болар, оны көше кезген қаңғыбастар да, ақшаның көзіне айналдырып алған ұрылар да жиі алып кетіп жатады. Одан бөлек, дұрыс орнатылмаған, жан-жағы ашық, сынып қалған люктер кездеседі. 

Оқи отырыңыз: «Ажал әкелетін ашық құдық» :«Қауіпсіз люк» жобасы мәселені шеше ала ма?

Айта кетейік, Елордада ашық кәріз құдықтарының мәселесін шешуге бағытталған «Қауіпсіз люк» жобасы әзірленді.

«Қауіпсіз люк» әлеуметтік жобасы ашық қалған құдықтардың салдарынан туындайтын оқыс оқиғаны азайтады. Арнайы жасалған қақпақтың ішінде ұзындығы 14-15 сантиметр болатын екі темір кедергі қойылған.

-->