Елорда жаңалықтары

Білім сапасын көтеру жолдары

Жыл сайын өскелең ұрпақтың заманға сай білім алуына, озық елдер қатарын толықтырар ұрпақ тәрбиелеу жолында елордалық «Көктал» тұрғын алабынан орын тепкен мектебіміз өзіндік үлесін қосып келеді. Білім ошағында ұзақ жыл қатарынан «Ұлылықты ұлықтау – ұрпаққа ұлағат» атты жобамыз үздіксіз жалғасып жатыр, деп хабарлайды Elorda.info.

Білім әлеміндегі барша астаналық әріптестер үшін кезекті оқу жылы берекелі, жеңісті, жемісті болғай! 2023-2024 оқу жылын біздің мектеп 2 080 оқушымен, 86 сынып компонентімен, білікті маман-кадрлармен бастап отыр. Былтыр жалпы саны 2004 оқушы білім алған еді. Сондықтан өткен жылмен салыстырғанда едәуір өсім бар. Мектепалды даярлық тобы 2 сыныпқа бөлінген. Биыл 1-сыныпқа келген 252 балдырғанды 10 сыныпқа топтастырдық. Ал орта буындағы (5-9-сыныптар) тәрбиеленушілер саны 1064-ті құрайды. 11-сынып бітіретін түлектер саны – 52 оқушы (барлығы 3 сынып).

Дәстүрге сай, оқу жылының соңында 9-сынып оқушылары тиісті пәндерден 2024 жылдың 29 мамырынан 10 маусымына дейін емтихан тапсырады. Ал 11-сынып оқушылары үшін белгіленген уақыт: 2024 жылдың 28 мамыр-11 маусым аралығы.

Ұлттық бірыңғай тестілеудегі пәндер саны өзгеріссіз қалды. Яғни түлектер 5 пәннен сынақ тапсырады (3 міндетті + 2 бейіндік). Математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығының әрқайсысы барлығы 10 тапсырмадан тұрады. Шекті балл саны – 3. Қазақстан тарихынан 20 тапсырма берілсе, соның кем дегенде 5-еуі дұрыс болуы қажет. 2 таңдау пәнінің әрқайсысында 40 тапсырма бар. Тиісінше, шекті балл саны – 3. Ескеретін жайт, биыл тестілеу уақыты қысқарады. Бұдан былай тапсырмаларды орындауға бас-аяғы 3 сағат 30 минут (210 минут) бөлінеді.

Үздіксіз интеграция, әлемдік жаһандану заманында көштен қалмау үшін балаларымыз лайықты білім алып, Жаңа Қазақстанның бетке ұстарлар қатарын толықтыра түссе, ұстаздың адал еңбегінің ақталғаны сол болар.

Жұмагүл БАЛТАШҚЫЗЫ,

Астана қаласы

Әлкей Марғұлан атындағы

№40 мектеп-лицейі директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары

-->