Елорда жаңалықтары

Білім күні елордада жаңа Оқушылар сарайы ашылады

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

 

Ерлан Каналимовтың сөзінше, жаңа ғимарат бір уақытта 700-ге жуық баланы қабылдай алады.

-->

 

56 бағыт бойынша 50-ден астам үйірме, 99 оқытушы және жалпы ауданы 8 мың шаршы метрге жуық ғимарат 1 қыркүйекте Білім күнінде елордалық балаларға жаңадан ашылған «SANA» Оқушылар сарайы өз есігін айқара ашады, ол қосымша білім алу орталығына айналады,- деп жазды мәслихат төрағасы.

Ерлан Каналимовтың сөзінше, жаңа ғимарат бір уақытта 700-ге жуық баланы қабылдай алады.

Әріптестерімен бірге орталықтың ашылуға дайындығын тексердік. Тұран, 34 Б мекенжайындағы ғимарат әртүрлі үйірмелерде оқуға қажетті барлық жабдықтармен жабдықталған және бір уақытта 700-ге дейін оқушыны қабылдай алады. Орталық жыл бойы жұмыс істейді. Оқушылар сарайында балаларға би, вокал, робототехника, әртүрлі спорт түрлері, әлеуметтік ғылымдар бойынша қызмет көрсетеді,- деді ол.