Байқоңыр ауданында келесі жылы 3 көппәтерлі үй сүріледі
Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді аудан тұрғындарымен есепті кездесуде тұрғын үй қорының жағдайына тоқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Маңызды мәселе – бұл тұрғын үй қорының жағдайы. «Астана қаласының тұрғын үй қорын 2023-2029 жылдарға қайта жаңарту» бюджеттік жобасын іске асыру шеңберінде 104 апатты үй бұзылуға жатады.
Жыл соңына дейін 9 үйді сүру жоспарлануда. Келесі жылы 3 көппәтерлі үй сүріледі.
Мемлекет мұқтажы үшін алып қою аясында биыл 52 үй де сүрілді. Ал 6 үйде қайта жаңғырту жүргізілді. 2025 жылы жоспар бойынша 3 үй жөнделеді. Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, деді аудан әкімі.