Бас қалада «Балалық шақ – ғажайыптар әлемі» атты іс-шара өтті
Бүгін елордада Ұстаздар аллеясы балалар, ата-аналар, педагогтарға лық толды. Астана қаласы Әдістемелік орталық басшысы Сындар Мұратқызының мерекелік құттықтауынан кейін «Балалық шақ – ғажайыптар әлемі» атты іс-шара түрлі ойын, сурет сайыстарымен басталып кетті, деп хабарлады Elorda.info.
Қалалық Білім басқармасының қолдауымен өтіп жатқан мерекелік іс-шараға 4-5 жасар 100 шақты балдырған атсалысты.
Аниматорлар бірнеше балабақша балдырғандарының көңілін шат-шадыман етті. Балалар «Із кесу», «Арқан тартыс», «Сиқырлы алаң» атты ойындарға қызығушылықпен қатысты. Қала тұрғындары болса, концерттік бағдарламада бүлдіршіндердің өнерін тамашалады. Ал алаңға бормен күннің, гүлдің суретін салған балақайлар іс-шара соңынан сый-сияпаттарға ие болды.
-->