Елорда жаңалықтары

«Банк картасын беру — сыбайлас болу»: Астана прокуратурасы

«Банк картасын беру — сыбайлас болу» оңай табыс – нақты мерзім». Соңғы уақытта елордамызда интернет-алаяқтық көбейіп, бірқатар қылмыстық істер бойынша қылмыскерлерді мобильді SIM карталарымен және банк карталарымен қамтамасыз ететін тұтас "жастар желісі" анықталып отыр. Бұл туралы БП ҚСжАЕАК Астана қаласы бойынша аға прокуроры Асия Исакова айтты.

Дропперлікпен айналысу — ақша табудың оңай әдісі емес, ауыр салдарға ұшырататын қауіпті қылмыстық құқық бүзушылық болып табылады.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары дропперлердің тізбегін анықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бөтеннің схемасына түспеудің ең жақсы жолы — қырағы болу, мәліметтеріңізді бермеу және алғашқы күдік туындаған жағдайда банк пен полицияға хабарласу. Дроппер — шоттардан қылмыстық қаражатты алудың заңсыз схемаларына қатысы бар манекен. Оларға қылмыскерлер басқа адамдардан ұрланған ақшаны аударатын немесе қолма-қол ақшаға айналдыратын карталарды ашуды ұсынып, үшінші тұлғалардың нұсқауы бойынша қаражатты қабылдау және жіберу.

Дропперлерге мүлкi тәркiлене отырып 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. (Қылмыстық кодекстің 232-1-бабы).

Сонымен қатар дропперлікпен айналысқан жағдайда барлық банктік шоттар бұғатталып, қаржылық қызметтерді шектеу нәтижесінде күдікті тұлғалардың тізіліміне енгізіледі.

Банк карта иесі банкке және алаяқтықтың құрбаны болған жәбірленушілерге қаржылық жауапты болып, одан ұрланған ақша өндіріледі.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда, алдағы уақытта несие алу, жұмысқа орналасу және т.б. жағдайларда қиындық тудырады.

Алайда Қылмыстық кодекстің 232-1-бабының ескертпесіне сәйкес заңсыз схемаға қатысы бар, бірақ бұл туралы уәкілетті органдарға өз еркімен хабарлаған және қылмысты ашуға белсенді түрде ықпал еткен адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Сіз дроппер болмауыңыз үшін белгісіз тұлға пайдалы немесе жылдам табыс ұсынса да, банк карталары мен СМС кодтар туралы мәліметтермен ешқашан бөліспеңіз.

Егер Сіз мәліметтермен бөлісіз қойған жағдайда дереу банкке және полицияға хабарласыңыз.  

Асия Исакова,

ҚР БП ҚСжАЕАК Астана қаласы бойынша департаменті бөлімінің аға прокуроры