Байқоңыр тұрғындарының 20 мыңнан астам өтініші қаралды
Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Байқоңыр» ауданының әкімі Талғат Рахманберді айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Аудан тұрғындарының өтініштері бойынша 20 жаңа қоқыс контейнерлік алаң орнатылған.
Брифинг барысында әкім су тасқанына қарсы іс-шаралар жайында да айтты.
-->Жыл басынан бері тұрғындардан 20 мыңнан астам өтініш қаралды. Бұл – жеке қабылдауларда, тұрақты және көшпелі кездесулер барысында, ресми интернет-ресурстарында, «IKomek»қалалық мониторинг және жедел ден қою орталығына келіп түскен өтініштер. Негізінен тұрғындарды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, аумақтарды абаттандыру, қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысы, тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырлары, Әлеуметтік және басқа да мәселелер толғандырады. Жалпы, келіп түскен барлық өтініштер бойынша уақтылы шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді, - деді аудан әкімі.
Аудан тұрғындарының өтініштері бойынша 20 жаңа қоқыс контейнерлік алаң орнатылған.
Сондай-ақ 200 жұмыс істеп тұрған контейнер жөндеуден өтті. 50 күл контейнері дайындалды. 2024 жылы қолданыстағы 300 қоқыс алаңын жөндеу және кеңейту, 100 күл контейнерін дайындау жоспарланып отыр, - деді Талғат Рахманберді.
Брифинг барысында әкім су тасқанына қарсы іс-шаралар жайында да айтты.
Биыл жалпы ұзындығы 2600 сызықтық метр. арық-науа желісін орнату бойынша жұмыстар аяқталды және Чехоев пен Ырыс көшелерінің қиылысында 2 дана жаңбыр қабылдайтын құдықтар орнатылды. 2024 жылы ұзындығы 2700 сызықтық метр 9 көшеде желілерді жабдықтау жоспарда бар, - деді әкім.