Байқоңыр ауданында ашық есік күні жалғасады
Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев аппаратымен Ашық есік күнін өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.
Аталған кездесу Республика даңғылы, 34 мекенжайында орналасқан «Жастар» сарайында өтеді.
-->
Әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 15.00-17.00 аралығында Байқоңыр ауданының барлық тұрғындары үшін Ашық есік күні өткізіледі.
Сіздердің сұрақтарыңызға аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, жергілікті атқарушы органдар мен тиісті мекеме басшылары жауап беретін болады, - делінген хабарламада.
Аталған кездесу Республика даңғылы, 34 мекенжайында орналасқан «Жастар» сарайында өтеді.