Елорда жаңалықтары

Бұршақтың салдарынан баспанасына зақым келген Үркер тұрғындарына көмек көрсетіледі

Бұршақтың салдарынан баспанасына зақым келген Үркер тұрғын алабы тұрғындарына материалдық көмек көрсету үшін құжаттар қабылдау басталады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

26 және 27 қыркүйекте Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары тамыз айында үйлері бұршақтан зардап шеккен Үркер тұрғын алабында тұратын азаматтардан өтемақыға құжаттар қабылдайды.

«Біржолғы өтемақы алу үшін зардап шеккен тұрғын үйдің болуын растайтын Ф-6 анықтамасын ұсыну қажет және үй отбасындағы жалғыз жылжымайтын мүлік объектісі болуы керек. Құжаттарды жинағаннан кейін мамандар зақымдануды растау үшін зардап шеккен үйлерді тексереді. Тексеру қорытындысы бойынша төлемдерді беру туралы шешім қабылданады», - деді Нұра ауданы әкімдігі.

Құжаттарды қабылдау 26 және 27 қыркүйекте сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін ДШСК ғимаратында (213 к., 3-үй) жүзеге асырылады.