Елорда жаңалықтары

Бөлшек сауда салығы 3 пайызға төмендеді

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бөлшек сауда салығы бойынша арнаулы салық режимін қолданатын елордалық кәсіпкерлерге ставканың 3 пайызға дейін төмендетілгені туралы мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгінгі таңда елорда бойынша мыңнан астам салық төлеуші бұл режимді қолданады. Ол үшін қызметкерлердің саны 200 адамнан  және жылдық кірісі 600 мың АЕК-тен аспауы керек. 

Бөлшек сауда салығының АСР құрамына 190 қызмет түрі кіреді. Атап айтқанда, бөлшек сауда, автомобильдерді, киімдер мен жиһаздарды жөндеу, сонымен қатар сырлау және ағаш ұстасы, қоғамдық тамақтандыру және жолаушылар тасымалы бар.

Бөлшек салық бойынша Декларация 913.00-нысанда, салық төлеушінің орналасқан жері бойынша МКБ-ға есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей беріледі.

Бұл норма 2023 жылғы 30 маусымдағы № 50/5-VIII бұйрығымен бекітілген. Шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

-->