Елорда жаңалықтары

Бүгін көкпардан Қазақстан құрамасы жартылай финалда Ресеймен кездеседі

Бұл туралы қалалық мәслихаттың төрағасы әлеуметтік желідегі парақшасында, деп хабарлады Elordainfo.kz.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстанның көкпардан ұлттық құрамасы АҚШ командасын 12:4 есебімен жеңіп, жартылай финалға сенімді түрде өтті. Айта кету керек, АҚШ командасының ойыны алдыңғы турнирмен салыстырғанда айтарлықтай жақсарған – олар кеше көкбөріде жақсы нәтиже көрсетсе, бүгін көкпарда да өзін жақсы жағынан көрсетті. Бүгін  Қазақстан құрамасы жартылай финалда Ресеймен кездеседі.

«Қазақстан тобына бес команда кіреді, сондықтан құрамамызға финалға дейін тағы үш матч өткізу қажет. Басты қарсылас – Қырғызстан құрамасы, олар да жоғары нәтижелер көрсетуде. Жарыстар «Қазанат» ипподромында өтіп жатыр. Оған Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркиядан 104 спортшы қатысуда», - делінген жазбада.

Финалдық ойындар 12 қыркүйек күні сағат 11:30-да өтеді.