Елорда жаңалықтары

Бүгін – 19 наурыз – жаңару күні

Бүгін Наурызнамаға сәйкес – Жаңару күні, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл күн «өмірдің жаңаруын» бейнелейді сондай-ақ  жаппай ағаш отырғызу шарасы. Бастысы  «Жаңару» күні мұнда азаматтар ортақ мақсаттарға жету үшін ынтымақта болуға үндейді. Бұл әр адамның өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Яғни жаңа жобаларды қолға алу, өмірін жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешеімдер қабылдау.

Осы уақытта мәдениетке Наурыздың жаңа дәстүрлері сіңіріледі. Сондай-ақ жаңа идеялар өз жемісін береді.

Айта кетейік, 2024 жылдан бастап мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлау жаңаша сипат алды. Атап айтсақ, Наурызнама онкүндігі енгізілді.