Елорда жаңалықтары

Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады

11-15 ақпан аралығында елордада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін  сағат 11:30-да Жұмысшы мамандықтар қаласы ресми түрде іске қосылады. Фестиваль болашақ мамандардың, жұмыс берушілердің, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастық алаңына айналады.

Фестиваль қонақтары: тау-кен ісі, металлургия, машина жасау және көлікшілер, аграршылар мен су, құрылыс, құтқарушылар, өрт сөндірушілер бұрышын және болашақ мамандықтар бойынша тақырыптық көшелерді аралай алады.

Бірнеше күн бойы семинарлар, мұнай және энергетика өнеркәсібі тақырыптары бойынша хакатон, мамандықтар шеруі, бос орындар жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесерлері, машина жасау бойынша шеберлік сыныптары, концерттер, халықаралық аккредиттелген колледждердің тренингтері және т. б. өтеді.

Фестивальді ұйымдастырушы - Оқу- ағарту министрлігі.

Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі күн сайын сағат 10:00-ден 18:30-ға дейін Астана қаласы Мәңгілік ел даңғылы, 53/1, «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді.