Қазақстандық қос балуан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Германияның Варендорф қаласында дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионаты (CIZM) басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының спортшылары Шерзад Давлатов (-60 кг) пен Нұрқанат Серікбаев (-66 кг) қола жүлдеге ие болды.
Әскерилер арасындағы әлем чемпионатына 35 елден барлығы 200 спортшы қатысып жатыр.
Айта кетейік, дүниежүзілік біріншілік 30 маусымға дейін жалғасады.