Елорда жаңалықтары

Қазақстандағы 438 блогерге қатысты тексеріс ашамыз – Қаржы министрі

Қазақстанның салық органдары 438 блогердің кіріс-шығысын тексереді. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Министрдің айтуынша, салықшылар 854 блогерге 72 млрд теңге ақшаны төмендетті деп хабарлама жіберген. Олардың 394-і 11,8 млрд теңге салық төлеп қойған.

«Енді қалған 438 блогерге тексеріс ашайын деп жатырмыз. Олар төлемей жүр, сол үшін тексеріс ашамыз», - деді Тәкиев Мәжіліс кулуарында.