Қазақстанда мал басы 4,1%-ға өсті
Қазақстанда биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қой саны 25,9 млн басты құрады. 2022 жылдың қаңтар-мамыр аралығымен салыстырғанда мал басы 4,1%-ға өскен, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең көп саны Түркістан облысында – 5,9 млн бас. Одан кейін тізім басында Жамбыл және Алматы облыстары: сәйкесінше 3,9 млн және 3,2 млн бас.
Қой санының ең көп өсімі елордада тіркелді – 39,4%-ға. Алматыда керісінше қой басы 21,6% азайған.
Айта кетейік, қойдың 48% халықтың жекежайында, тағы 47%-ы жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының, қалған 5%-ы шаруашылық кәсіпорындардың қолында.
Сонымен қатар биылғы 5 айда ешкілердің саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,7%-ға артып, 3,2 млн басты құрады.
-->Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең көп саны Түркістан облысында – 5,9 млн бас. Одан кейін тізім басында Жамбыл және Алматы облыстары: сәйкесінше 3,9 млн және 3,2 млн бас.