Қазақстан – Солтүстік Ирландия ойынында стадионға арнайы автобустар қатынайды
Жексенбі, 10 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында футболдан EURO-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамасы арасында матч өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Осы күні «Астана Арена» стадионына жүретін қоғамдық көліктің жұмысы күшейтіледі.
Сондай-ақ, жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін және жолдарда көлік кептелісін азайту мақсатында, Астананың 5 тұрақ торабынан сағат 17:30-да арнайы шаттл-автобустары жүреді:
- «Астаналық цирк» автотұрағы;
- «Қазақстан» СК автотұрағы;
- «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;
- «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
- «Жастар» сарайы тұрағы.
Жол жүру құны 90 теңге. Жолақысын көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы төлеуге болады. Жеңілдігі бар көлік карталары жарамды.
Айта кетейік, ойынның басталуы сағат 19:00-де.
-->Осы күні «Астана Арена» стадионына жүретін қоғамдық көліктің жұмысы күшейтіледі.
Сондай-ақ, жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін және жолдарда көлік кептелісін азайту мақсатында, Астананың 5 тұрақ торабынан сағат 17:30-да арнайы шаттл-автобустары жүреді:
- «Астаналық цирк» автотұрағы;
- «Қазақстан» СК автотұрағы;
- «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;
- «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
- «Жастар» сарайы тұрағы.
Ойын аяқталғаннан кейін футбол жанкүйерлері сондай-ақ, қосымша №10, 12, 21, 26, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және № 303 қала маңы бағдарларымен кете алады. Автобустар Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамаларда күтеді.
Футбол матчын өткізу кезінде барлық автокөлік жүргізушілерін қоғамдық көлікті пайдалануға шақырамыз, - делінген CTS компаниясының хабарламасында.
Жол жүру құны 90 теңге. Жолақысын көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы төлеуге болады. Жеңілдігі бар көлік карталары жарамды.
Айта кетейік, ойынның басталуы сағат 19:00-де.