Қазақстан маунтинбайктан алғашқы медалін жеңіп алды
Қазақстан құрамасы маунтинбайктан Қытайдың Гуйчжоу қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Біздің спортшылар құрлықтық біріншілікте күміс медаль жеңіп алды.
Эстафета жарысында Қазақстан командасы жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Бұл сында ел намысын Богдан Лухманов, Виолетта Казакова, Алексей Фефелов, Денис Сергиенко, Юлия Ли және Алина Карасева қорғады.
Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленсе, Үндістан командасы қола медальға қол жеткізді.