Аз қамтылған отбасылардан шыққан 4 мыңға жуық астаналық балаға лагерьге жолдама беріледі
Елордалық мәслихаттың тапсырмасы бойынша аз қамтылған отбасылардан шыққан 3820 балаға арналған қала сыртындағы сауықтыру лагерьлеріне жолдамалар сатып алуға конкурстық рәсімдер өтті. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Елордада жазғы демалыстың барлық түрлерімен 200 519 оқушы немесе 1-10 сынып оқушыларының жалпы санының 99%-ы қамтылған. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру екі бағыт бойынша жүргізіледі – сауықтыру және жұмыспен қамту. Қаланың білім беру ұйымдарының базасында: 97 мектеп жанындағы, 75 бейінді, «Батыр» лагері, «Ақ желкен» спорт лагері және Назарбаев Университеті жанындағы «Еркемай» лагері жұмыс істейді.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық білім беру объектілерінде бейнебақылау камералары (11,5 мың) және дабыл түймелері орнатылды. ТЖД, полиция және денсаулық сақтау қызметкерлерімен бірлесіп персоналды оқыту жүргізілді.
-->Елордалық мәслихаттың тапсырмасы бойынша аз қамтылған отбасылардан шыққан 3820 балаға арналған қала сыртындағы сауықтыру лагерьлеріне жолдамалар сатып алуға конкурстық рәсімдер өтті. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Елордада жазғы демалыстың барлық түрлерімен 200 519 оқушы немесе 1-10 сынып оқушыларының жалпы санының 99%-ы қамтылған. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру екі бағыт бойынша жүргізіледі – сауықтыру және жұмыспен қамту. Қаланың білім беру ұйымдарының базасында: 97 мектеп жанындағы, 75 бейінді, «Батыр» лагері, «Ақ желкен» спорт лагері және Назарбаев Университеті жанындағы «Еркемай» лагері жұмыс істейді.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық білім беру объектілерінде бейнебақылау камералары (11,5 мың) және дабыл түймелері орнатылды. ТЖД, полиция және денсаулық сақтау қызметкерлерімен бірлесіп персоналды оқыту жүргізілді.
«Елордалық мәслихаттың тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта 84 білім беру ұйымдарында жергілікті бюджет қаражаты есебінен аз қамтылған отбасылардан шыққан 3820 балаға (1 балаға 130 мың) арналған қала сыртындағы сауықтыру лагерьлеріне жолдамалар сатып алуға конкурстық рәсімдер өтті», - делінген жазбада.