Елорда жаңалықтары

Аялдаманы бүлдірген астаналық жауапкершілікке тартылды

Астанада ішімдік ішіп, аялдаманың терезесін бүлдірген астаналық тұрғын әкімділік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Elorda.info.

Полицияға белгісіз біреудің мас күйде аялдама павильонының әйнегін бүлдіріп алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Осы фактіге қатысты қаланың 21 жастағы тұрғыны анықталды. 

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігімен 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолдану, сондай-ақ 147-1 бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Ер адамға айыппұл салынады немесе 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін, - деді Астана қалалық ПД баспасөз қызметі. 

Ол уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды. Жинақталған материал әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім қабылдау үшін жолданды.