Елорда жаңалықтары

Автобус апатынан екі аяғынан айырылған бүлдіршін протезбен алғашқы қадамын жасады

Астанадағы автобус апатынан кейін қос бірдей аяғынан айырылған Алуа Бекен протезбен жүруді үйрене бастады.

Кадрларда 8 жастағы Алуаның бар күшін салып, қайта жүруді үйреніп жатқаны көрінеді.

Баламен жұмыс істеген мамандардың айтуынша, Алуа алғашқы күндердегідей емес, қазір жиі күлімдеп, айналасындағы адамдармен еркін араласа бастаған.

Оның эмоционалдық тұрақтылығы артып, өзіне сенімі күшейген.