Елорда жаңалықтары

«Қауіпсіз жол»: Елордада бір күнде 29 мас жүргізуші ұсталды

Астанада жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараның алғашқы күнінде полицейлер 1 171 жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алды.  

Жасалған құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру мақсатында «Қорғау» қосымшасы арқылы заңнамалық ықпал ету шараларын қабылдай отырып, берешегі бар жүргізушілер анықталды. 

ЖААІШ-тің бірінші күні барлығы 194 жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық бойынша берешектері туралы хабарланды, коммуналдық тұраққа 40 автомашина қамауға алынды.

-->

Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 29 жүргізуші ұсталды, авариялық жағдай жасағаны үшін – 34, телефонды пайдаланғаны үшін – 95, қауіпсіздік белбеуі үшін – 158, бағдаршамның тыйым салатын сигналына – 41 жол жүру ережесін бұзған жүргізуші анықталды. Жүргізушілер жасаған скутерлер мен мопедтердің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 81 хаттама толтырылды, 349 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды, - делінген Полиция департаментінің ақпаратында.