Ауа райына байланысты елордада екінші ауысымдағы сабақ уақыты қысқартылды
Ауа райына байланысты елордада сабақ уақыты қысқартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.
«Желдің жылдамдығы 30 м/с жетуіне байланысты екінші ауысымдағы мектеп оқушылар үшін сабақ уақыты 30 минутқа қысқартылды», - делінген Білім басқармасының хабарламасында.
Сонымен қатар сынып жетекшілеріне ата-аналарға баланы мектептен алып кетуі қажеттігін ескеру тапсырылды.