Елорда жаңалықтары

Ата Заң – Тәуелсіздігіміздің Темірқазығы

Астана қаласының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған кездесу өтті.

Іс-шараның қонағы – Ақмола облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат, Ләззәт Кендебайқызы. Қатысушылармен заң саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, Конституцияның қоғамдағы орны мен азаматтар құқығын қорғаудағы маңызы туралы кеңінен түсіндірді.

Бұл кездесу қатысушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, әрбір азаматтың бойында елге деген сенім мен жауапкершілікті нығайта түсуге ықпал етті.

Конституция – мемлекетіміздің тірегі, әділет пен теңдіктің кепілі.

Құрметті оқырман! Биыл – Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанына 30 жыл. Осы айтулы мерекеге орай біз сіздерге архив құжаттарынан құралған көрмені, сондай-ақ архив құжаттарының негізінде жазылған "Ата Заң – Тәуелсіздігіміздің Темірқазығы" атты мақаланы ұсынамыз. Конституция – еліміздің Тәуелсіздік тұғырын нығайтқан, құқықтық мемлекетіміздің алтын діңгегі. Көрмеде тарихи құжаттар арқылы Ата Заңымыздың қабылдану кезеңі мен оны қалыптастырған маңызды сәттерді тамашалай аласыз. Конституцияның 30 жылдығына Астана қаласы архивінде сақтаулы құжаттар негізінде дайындалған мақаладан келесі тарихи деректі оқи аласыздар. Мақаланың толық нұсқасы Архив хабаршысы журналының кезекті нөмірінде жарияланатын болады.

Жоғарыда айтқан басылым мен көрме арқылы оқырман Елорда архивінде Конституцияға қатысты сақтаулы бірегей құжаттар құрамымен және оларды дәріптеу жұмыстарымен таныса алады. Мақалада ерекше орын алатын құжаттар - ол әрине 1995 жылғы өткен бүкілхалықтық референдум материалдары. Ата Заң жайлы ой-пікірлері де орын алады. Сондай-ақ Конституцияға байланысты бірегейлігімен ерекшелетін фотоқұжаттар осы шығармаға арқау болмақ.

Ата Заң – Тәуелсіздігіміздің Темірқазығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы – ел егемендігінің, халық бірлігі мен мемлекеттіліктің негізі, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың кепілі. 1995 жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата Заңымыз – Тәуелсіз Қазақстанның дамуына жол ашқан тарихи құжат. Осы орайда Астана қаласы Мемлекеттік архивінің де биыл 30 жылдығы. Бұл сәйкестік тегін болмауы керек. Себебі, Астана қаласы Мемлекеттік архивінің қорларында Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануы мен даму тарихына қатысты бірқатар құнды құжаттар сақтаулы. Бұл құжаттар қатарында: 1995 жылғы Конституция жобасының мәтіні, оны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының материалдары, түрлі мемлекеттік органдардың Конституция жобасына байланысты ұсыныстары мен сараптамалық қорытындылары, сондай-ақ, сол кезеңдегі бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар бар. Яғни Конститутцияға қатысты құнды құжаттар архив қоржынында сақталған.

Конституция – мемлекет пен қоғамның өмірін реттейтін ең жоғарғы заң. Онда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттік биліктің бөліну принциптері, заң үстемдігі, демократиялық құндылықтар нақты көрсетілген. Архивтік құжаттарда Ата Заңның негізгі нормалары қалай қалыптасқаны, оның әр тармағына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тарихи негіздері көрініс тапқан.

Ата Заң – өткен мен бүгінді жалғайтын, болашаққа бағыт беретін құнды мұра. Астана қаласы Мемлекеттік архиві – осы тарихи құжаттардың сақтаушысы әрі келешек ұрпаққа жеткізушісі ретінде өз миссиясын атқаруда. Архив қызметкерлері ел тарихына деген құрметті арттырып, Конституцияның қоғамдағы маңызын насихаттау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Еліміздің Тәуелсіздігінің 30-шы жылына куәгеpі болған әp азамат үшін Қазақстан Pеспубликасы Конституциясында жазылған заң оpтақ екені мәлім. Біздің Ата заңымыздың ерекшелігі ешқандай дінге, ешқандай нәсілге, ешқандай ұлтқа бөлмейтіндігі. Себебі біздің зайырлы елімізде әр азаматқа тең құқық беpілген. Бұл өз кезегінде Қазақстанда тұрып жатқан әp ұлттың кодын сақтауға мүмкіндік беpеді. Яғни, біздің ата-бабамыздан асыл мұpа болып жеткен мәдениетіміз, әдебиетіміз, өpкениетіміз, тіліміз бен ділімізді, туған таpихымызды өз деңгейінде сақтап, ұpпағымызға ұсына аламыз деп айтуға толық құқығымыз бар. Сондықтанда отанымыздың Ата заңын беpік ұстанып, ұлттық құндылықтаpына зоp құpметпен қаpау біздің басты міндетіміз деп білеміз.

Ата Заңымыздың қабылданғанына биыл – 30 жыл. Бұл – Тәуелсіз еліміздің даму жолындағы маңызды белес. Астана қаласы Мемлекеттік архиві барша азаматтарды осы мерейлі дата аясында ел тарихына тағзым етіп, Конституцияны құрметтеуге шақырады.