Елорда жаңалықтары

Ата-аналар баласына неліктен екпе салдырудан бас тартады

Елордада жыл басынан бері 700-ден астам адам баласына вакцина салдырудан тас тартқан. Бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлады Elorda.Info.

Сархат Бейсенованың айтуынша, жаңа туған сәбилерге туберкулез және В вирустық гепатитіне қарсы екпе салудың шекті көрсеткішінен төмен. Оған медициналық қарсы көрсетілімдер мен ата-аналардың екпе салдырудан бас тартуы себеп болды.

Астанада 2016 жылдан бастап эпидемиологтар екпеден бас тартқандарға мониторинг жүргізіп келеді. 1752 адам вакцина салдырудан үзілді-кесілді бас тартқан. Ал жыл басынан бері вакцина салдырмағандар саны 726 адамға жетті.

Медициналық ұйымдар вакцина алғысы келмейтін азаматтармен ақпараттық-түсіндіру жұмыс жүргізуде. Соның нәтижесінде 873 ата-ана вакцинаның маңыздылығын түсініп, баласына екпе салдырған.

-->

«Оның ішінде 264 ата-ана немесе 15,1 %-ы діни көзқарасы, 1166 немесе 66,6 %-ы жеке пікірі, 236 немесе 13,5 % вакцинаға сенбеуінен, 86 немесе 4,9% БАҚ-тағы жағымсыз хабарлардан кейін бас тартқан», - деді Сархат Бейсенова.