Елорда жаңалықтары

«Астананың құрметті педагогі» байқауының жеңімпаздары анықталды

Астана қаласының білім беру жүйесінде ұстаздардың еңбегін бағалау және олардың кәсіби жетістіктерін атап өту мақсатында ұйымдастырылған «Астана қаласының құрметті педагогі» байқауы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Онда білім беру саласының үздік мамандары өздерінің тәжірибесі мен жетістіктерін көрсетіп, кәсіби шеберліктерін ортаға салды. Байқаудың қорытындысы бойынша, әртүрлі пәндер бойынша жетістіктерге жеткен үш педагог жеңімпаз атанды.

Комиссия отырысының шешімімен «Астана қаласының құрметті педагогі» құрметті атағына лайықты педагогтар ретінде:

• Дана Жаңабек – Астана қаласы әкімдігінің «Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы №24 орта мектеп» ШЖҚ МКК қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

• Гүлшат Ермағанбетова– Астана қаласы әкімдігінің «№9 «Зерде» мамандандырылған лицейі» КММ география пәнінің мұғалімі;

• Зумрет Самратова – Астана қаласы әкімдігінің «№2 арнайы мектеп» КММ еңбек пәнінің мұғалімі.