Астананың қоғамдық көлік паркі жаңа автобустармен толықты
Астанадағы «Жорға МТ» ЖШС жеке автобус паркі жаңа 30 автобуспен толықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жаңа автобустар №14, 53, 70 бағдарларының жылжымалы құрамын жаңартуға бағытталды және қазіргі уақытта олар желіге шығарылып, жұмыс істеуде», - делінген CTS хабарламасында.
Yutong маркалы автобустар QazTehna ЖШС-ында шығарылған.
Биыл «Жорға МТ» ЖШС автобус паркі сатып алынған жаңа автобустар саны бойынша жеке автобус парктерінің арасында көшбасшы болды.
Айта кетейік, автобус паркі №6, 14, 16, 43, 53, 70 бағдарларына қызмет көрсетеді.