Елорда жаңалықтары

Астананың миллионыншы тұрғыны екінші сыныпқа көшті

Осыдан сегіз жыл бұрын 4 шілде күні Астана миллионер қала атанды. Бұл күні Тұңғыш Президенттің өзі  қаланың миллионыншы тұрғынын туған күнімен құттықтаған болатын, деп хабарлады Elorda.info.

Бір отбасының ғана емес, елорда тарихындағы елеулі оқиғаға айналған бұл күні Саида Мухамидьяр есімді сәби дүние дидарын ашты. Астананың миллионыншы тұрғыны №1 перинаталдық орталықта 2016 жылы күнтізбенің парағы 4 шілдеге ауған шақ – сағат түнгі 01.00-де туды. Бөбектің салмағы – 3150 грамм болса, бойы 52 сантиметр болған еді.

Сол күні ақжолтай хабарды қалалық әкімшілік дүйім жұртқа сүйіншілеп, жас отбасыға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Араб тілінен аударғанда «бақытты», «жолы болғыш» деген мағынаны білдіретін Саида есімін иеленген бүлдіршін, расында, отбасының бақытын осылайша екі еселеді. 

Бүгінде осы бақытты шаңырақта Саидадан кейін тағы үш перзент дүниеге келді. 8 жасар бүлдіршіннің соңынан ерген 3 сіңлісі бар. 

Ол қазірдің өзінде «Жастар» клубының атынан таэквондодан қалалық сайыстардың жүлдегері атанып, ата-анасын қуантып жүр. 

Саиданың анасы Арайлым Мухамидьяр бүгінде бала күтімі бойынша декреттік демалыста болса, әкесі Олжас Мухамидьяр жеке кәсіппен айналысады. Олар өздері туған отбасының тұңғышы болса, Саида да тұңғыш перзент, ата-әжелерінің алғашқы немерелері. 

Көпке танымал болған бүлдіршіннің ата-аналары студенттік шақта танысқан. Бірі Павлодарда, бірі Қостанайда туған олардың Астанада тұрып жатқанына жиырма жылдай болды. 

-->

«Саида биыл 1-ші сыныпты тәмамдап, 2-ші сыныпқа көшті. Оның ең жақсы көретін пәні – математика. Есеп шығарғанды, логикалық тапсырмаларды жақсы көреді. Бұған қоса ол - өте белсенді бала. Белсенді ойындарды, қимыл-әрекетті жақсы көреді. Спортқа өте жақын. Бәлкім келешекте еліміздің көк байрағын желбіретер спортшы болар»,- дейді анасы Арайлым Мухамидьяр. 

Ол қазірдің өзінде «Жастар» клубының атынан таэквондодан қалалық сайыстардың жүлдегері атанып, ата-анасын қуантып жүр. 

Саиданың анасы Арайлым Мухамидьяр бүгінде бала күтімі бойынша декреттік демалыста болса, әкесі Олжас Мухамидьяр жеке кәсіппен айналысады. Олар өздері туған отбасының тұңғышы болса, Саида да тұңғыш перзент, ата-әжелерінің алғашқы немерелері. 

Көпке танымал болған бүлдіршіннің ата-аналары студенттік шақта танысқан. Бірі Павлодарда, бірі Қостанайда туған олардың Астанада тұрып жатқанына жиырма жылдай болды. 

«Миллионыншы тұрғынның ата -анасы болғанымызға қуанамыз әрі мақтан тұтамыз. Қазір біз елорданың өркендеуіне үлес қосып жатсақ, болашақта қызымыз да бізден үлгі алып, Астанаға пайдасы тиер азамат болып өседі деген сенімдеміз», - дейді Саиданың ата-анасы.