Елорда жаңалықтары

Астананың медициналық әлеуеті Абу-Дабиде таныстырылды

Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласында «Abu-Dhabi Healthcare Global Week» ауқымды халықаралық көрмесі ресми түрде ашылды. Оған елордалық делегация да қатысып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл Абу-Даби Денсаулық сақтау департаменті ұйымдастыруымен Ұлы Мәртебелі Абу-Даби тақ мұрагері шейх Халед бен Мохамед бен Заид Аль Нахаянның бастамасымен өтіп жатқан ең үлкен мемлекеттік көрме.

Іс-шара денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға бағытталған инновациялар мен ынтымақтастықты талқылау үшін саланың жетекші өкілдерінің басын қосып отыр.

Көрмеге Астана қаласының медициналық туризмін дамытуға ықпал ететін елорданың медициналық әлеуетін көрсету үшін қаланың жетекші клиникаларынан құралған Астана қаласының делегациясы да қатысып жатыр.

Көрме 15 мамырға дейін жалғасады.

-->