Елорда жаңалықтары

Астананың 26 нысаны шығармашылық индустрия инфрақұрылымының тізбесіне кіреді

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды,  деп хабарлады Elorda.info

 

Кездесу Мәскеу қаласында өтіп жатқан Астана қаласының мәдениет күндері аясында Мәскеу Үкіметінің министрі Сергей Череминнің қатысуымен өтті.

-->

 

Астана, елорда ретінде, бүгінде осы саланы дамыту көшбасшыларының бірі. Шығармашылық индустрия инфрақұрылымының тізбесіне концерттік қызметті дамыту, көрмелер өткізу, мұражай және театр қызметі, сондай-ақ цирк өнері және IT дамыту салаларындағы 26 объект кіреді. Бұл туралы және шығармашылық индустрияны дамытуға арналған дөңгелек үстелде сөйледім, - деп жазды Е.Каналимов.

Кездесу Мәскеу қаласында өтіп жатқан Астана қаласының мәдениет күндері аясында Мәскеу Үкіметінің министрі Сергей Череминнің қатысуымен өтті.

Осы сала бойынша тәжірибе алмасу туралы мәселелерді талқыладық, бүгінде Ресей астанасы осы салада көш бастап тұр. Қазіргі уақытта Қазақстанда бұл сектор әлі дамымаған. Оның ЖІӨ-ге қосқан үлесі 1%-ға жетпейді. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы саланы ауқымды дамыту үшін барлық жағдай жасауды тапсырды, - деді ол.