Елорда жаңалықтары

Астананың 25 жылдығы: газеттер не жайында жазды?

Осыдан 25 жыл бұрын 1998 жылдың 10 маусымы күні Астананың елорда ретінде ресми таныстырылымы өтті. Дәл осы күні «Астана ақшамы» газеті не жайында жазды?

Елорда мерекесі – ел мерекесі

Қазақстанның жаңа астанасының бүкіл әлемге танылған күннің бірі – 1998 жылдың 10 маусым күні болды. Бұл күні жас елордамыз – Астана қаласының халықаралық тұсаукесері өтті.

Осы күнгі «Астана ақшамы» газетінің Астана қаласының елдің бас қаласы ретіндегі тұңғыш мерекесі – халықаралық тұсаукесерге арналған нөмірі «Басталды!» атты тақырыппен жазылған мақаламен ашылды. Аталған мақалада Астананың тұсаукесер рәсіміне бес күн қалғанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионның ашылғаны, қала орталығында Төле би, Қазыбек би және Әйтеке бидің ескерткіші ашылғаны жазылды. Жас елорданың тұсаукесері құрметіне арналған «Астана» естелік медалінің сипаттамасы да жазылған еді.

Ал халықаралық тұсаукесердің негізгі қойылымдары қаладан шыға берістегі Шортанды тасжолының бойында жаңадан тұрғызылған ипподромда өтті. Сол жолы мерекеге жиналған жұрттан көз сүрінгендей еді. Жағалай тігілген киіз үйлер, сап түзеген сауда қатарлары – бәрі-бәрі той үшін, төрткүл дүниенің түкпір-түкпірінен келген қонақтар үшін қызмет істеп жатты. Әрине, бұл мерекенің ең басты қызығы – ұлттық ат спортынан өткен сайыстар болғаны сөзсіз. Көкпар, теңге ілу, аударыспақ, қыз қуу секілді ұлттық өнерімізді тамашалаған шетелдіктердің риза болғанына куә болған едік. Ал осы мерекенің ең қызығы, әрине, аламан бәйге болғаны анық. 25 шақырымдық аламанға еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген жүйріктер қосылған еді. Сол жүзден жүйрік шыққан жамбылдық шабандоз Ернұр Төреқұловқа Президент «Тойота» автокөлігінің кілтін табыстаған. Теңге ілуде атбасарлық Жанайдар Аушақиев деген азамат топ жарғаны есімізде. Халықаралық тұсаукесер мерекесіне арналған бәйге жарыстарымен қатар қазақ күресінен де сайыстар өтті. Еліміздегі белгілі балуандардың бәрі дерлік қатысқан жарыста жамбылдық балуан Сәлкен Жартыбаев «Түйе балуан» атанған-ды.

Тұсаукесердің ипподромдағы қызығына кенелген астаналықтар мен шаһар меймандары думанды қала ішіндегі мерекелік карнавалда жалғастырды. Мыңдаған адам Республика даңғылы мен Кенесары көшесінің бойынан жүріп өтті. Шерудің алғы шебіндегі сарбаздар оркестрінің екпінді дабылы көшені жағалай тамашалап тұрған жұртшылықтың да көңілін көтере түсті. Сондай-ақ концерттік алаңдардың бәрінде Қазақстанның ғана емес, ТМД мен әлемдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Әлемге әйгілі Лучано Паваротти, атақты итальян әншісі Тото Кутуньоны, сондай-ақ Анне Вески, Филипп Киркоров, Роза Рымбаева, Лайма Вайкуле және басқа да жұлдыздар, Лондон симфониялық оркестрі, «Модерн Токинг», «А-Студио», «Дует – L», «Яшлық», «АБК», «На-На» секілді танымал өнер топтары да жұртшылықты өнерлерімен тамсандырды.

Осы күні есте қалған тағы бір ақжолтай оқиға Астанада күн батып, орталық алаңда гала-концерт өтіп жатқанда ғарышта қалықтап жүрген Талғат Мұсабаев үлкен экран арқылы барша қазақстандықтарды Астана мерекесімен құттықтаған сәті болды.

Астананың халықаралық тұсаукесері аясында түркітілді мемлекеттердің V саммиті де өтті. Бұл жиынға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан елдерінің басшылары қатысып, қазақ елінің жас астанасына құтты болсын айтып, қуанышты бөлісіп кеткен еді.

Иә, Астанамыздың атын әлемге әйгілеген халықаралық тұсаукесер салтанаты – елорда тарихының ұмытылмас жарқын беттерінің бірі. Бұл шараны әлемнің 100-ден аса елінен келген ақпарат өкілдері де айшықтап көрсетті.

Осы күннен бастап 10 маусым күні 2006 жылға дейін Астана күні мерекесі болып аталып келді. 2006 жылдан бері Астана күнін 6 шілде күні мерекелеп келеміз.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

-->