Елорда жаңалықтары

Астаналықтарға мерекелік тәттілер мен ойыншықтар таратылды

Елордада 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай астаналықтарға кәмпиттер мен ойыншықтар таратылды, деп хабарлады Elorda.info.

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бастамасымен қолға алынған іс-шара қаланың Арбат аумағында ұйымдастырылды. 15 волонтер мамырдың соңғы күні астаналықтарға қуаныш сыйлады.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылардың айтуынша, мереке аясында ертен елорданың аула клубтарында түрлі іс-шаралар, соның ішінде шеберлік сыныптары, концерттік бағдарламалар және т.б. ұйымдастырылатын болады.

-->

Бүгін «Астана Жастары» ЖРО волонтерлары елорда тұрғындары мен қонақтарына Арбатта балаларды қорғау күніне орай мерекелік тәттілер мен ойыншықтар таратуда. Іс-шараның соңына дейін тұрғындарға жоспарланған 30 келі кәмпит үлестірілетін болады, - деді «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлер қозғалысын дамыту бөлімінің басшысы Есмуханова Эльвира