Астаналықтар алғаш рет «Ерікті мерген» операсын тамашалайды
13 шілдеде елорда тұрғындары мен қонақтарын айрықша мәдени оқиға күтеді. «Опералия» халықаралық фестивалі мен «Астана Операның» XI театр маусымының жабылуына орай театрдың Үлкен залы сахнасында Қазақстанда алғаш рет Карл Мария фон Вебердің «Ерікті мерген» операсының концерттік орындалуы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Германия ұлттық операсының символына айналған «Ерікті мерген» операсы – ерте кездегі неміс романтизмінің маңызды туындыларының бірі. Оның премьерасы Берлинде 1821 жылы өтіп, композиторға бірден зор табыс әкелді.
Операның сюжетіне атыста жеңіп, өзінің сүйіктісі Агатаға қол жеткізу үшін әзәзілмен мәміле жасауға келісетін мерген Макс туралы аңыз арқау болған. Макс мергендер сайысына қатысады, алайда ол үнемі сәтсіздікке ұшырайды. Оның қарсыласы Каспар оған нысанаға әрдайым дөп тиетін сиқырлы оқ жасап алуды ұсынады. Тыйым салынған рәсімді өткізу үшін қарама-қайшы қос кейіпкер қарғыс атқан орын «Қасқыр алқабына» аттанады. «Қасқыр алқабындағы» әйгілі сахна ең озық опералық хоррор екендігі даусыз.
«Ерікті мерген» операсының концерттік орындалуы – «Опералия-2024» мен «Астана Опера» театр маусымының жұлдызды қорытындысы болмақ.
Гүлшат САПАРҚЫЗЫ.
-->13 шілдеде елорда тұрғындары мен қонақтарын айрықша мәдени оқиға күтеді. «Опералия» халықаралық фестивалі мен «Астана Операның» XI театр маусымының жабылуына орай театрдың Үлкен залы сахнасында Қазақстанда алғаш рет Карл Мария фон Вебердің «Ерікті мерген» операсының концерттік орындалуы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Германия ұлттық операсының символына айналған «Ерікті мерген» операсы – ерте кездегі неміс романтизмінің маңызды туындыларының бірі. Оның премьерасы Берлинде 1821 жылы өтіп, композиторға бірден зор табыс әкелді.
«Бұл опера «Астана Опера» театрында алғаш рет орындалады. Осынау операны орындау шығармашылық тұрғыда өсуді және жаңа бағыттарды байқап көруді қалайтын театр труппасы үшін маңызды қадам. Театр репертуарында ұлттық туындылар, италиялық опералар, орыс және француз опералары бар, алайда неміс операсы осы күнге дейін ұсынылмапты. Сондықтан бұл кеш елордалық көрермендерге неміс опера репертуарын таныстырудағы алғашқы қадам болмақ. «Астана Операдағы» «Ерікті мерген» музыкасының орындалуы сахнада оркестр, хор және солистермен бірге концерт форматында өтеді. Бұл кештің тағы бір ерекшелігі – бір рөлге бірнеше әртістің қатыстырылуы. Әртістерді өздері үшін және театр үшін жаңа туындыға барынша көбірек қатыстыру мақсатында солистерге осы тәсілді ұсындым. Шын мәнінде, бұл театрдың 11 маусымының мерекелік жабылуына орай ерекше гала-опера болғалы тұр. Тек бұл жолы барлық концерттік нөмірлер «Ерікті мерген» музыкасы мен сюжетінің ортақ тақырыбымен біріктірілген», - деді театрдың бас дирижері Алан Бөрібаев.