Елорда жаңалықтары

Астаналық жастар вандализмге қарсы акция ұйымдастырды

Елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық шарасы аясында вандализмге қарсы акция өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Атап айтқанда, скейтбордпен сырғанауға арналмаған орындарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, буклеттер таратылды. Аталған іс-шара Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО және  Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтті. 

Акцияның негізгі мақсаты – қоғамдық мүліктің бүлінуіне жол бермеу, сондай-ақ азаматтардың жауапкершілігін арттыру, вандализм мәселесіне қоғамның назарын аудару және азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру.

Акция Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің аппараты, елордалық мәслихат депутаттарымен және «Астана жастары» ЖРО волонтерлерімен бірлесіп өткізілді.

Сонымен қатар, акцияға күш нөмірлері бойынша әлемнің төрт дүркін рекордшысы, Гиннес кітабының рекордшысы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми елшісі – Сергей Цырульников қатысты.

-->

Жалпы қазіргі таңда қала әкімшілігі, AMANAT партиясы және  “Жастар рухы” Астана қаласы бойынша филиалымен бірлесе отырып, вандализмге қарсы акция өткізіп жатырмыз. Бүгінгі рейдте біз белгіленбеген орындарда скейтборд тебетін жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Ондағы мақсат - жастармен тығыз қарым-қатынас орнату арқылы оларға дұрыс бағыт-бағдар беру, - деді Астана қаласы мәслихатының депутаты, AMANAT партиясы жанындағы “Жастар рухы” Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұм.

Акция Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің аппараты, елордалық мәслихат депутаттарымен және «Астана жастары» ЖРО волонтерлерімен бірлесіп өткізілді.

Сонымен қатар, акцияға күш нөмірлері бойынша әлемнің төрт дүркін рекордшысы, Гиннес кітабының рекордшысы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми елшісі – Сергей Цырульников қатысты.

Елордада скейт, ролик, самокат сияқты урбанмәдениеттің дамып келе жатқаны қуантады. Өйткені бұл біздің жастарымыздың бос уақытын пайдалы өткізетінін көрсетеді. Қаламызда скейтбордшыларға арналған 14 саябақ бар. Дегенмен кей жерлерде балалардың самокатпен адамдарды қағып кету жағдайлары кездеседі. Сондықтан біз бүгін балалар мен жасөспірімдерге мұндай құралдармен жүріп-тұру қағидалары және қауіпсіздік ережелерін  түсіндірдік, - деді С. Цырульников.