Елорда жаңалықтары

Астаналық полицейлер желідегі танысының шотынан ақша жымқырған қызды ұстады

Астана қаласы Полиция департаменті қызметкерлері әлеуметтік желідегі танысының шотынан ақша жымқырған астаналық қызды қолға түсірді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қала тұрғыны өзінің шотынан ақша ұрланғанын айтып, полицияға арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, әлеуметтік желі арқылы 22 жастағы елордалық қызбен танысып, кездесуге шақырған. Кейін екеуі қонақүйде түнеген. Ер адам ұйықтап жатқанда жаңа танысы ұялы телефон арқылы 640 мың теңгені басқа шотқа аударып, ізін суытқан.

Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қызды анықтады. Ол шот төлеу кезінде жігіттің банктік қосымшасындағы құпия кодты байқап қалған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қыздың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.  

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

-->