Астаналық полицейлер желіде ұтыс ойнатып, заңсыз ақша жинаған күдіктілерді ұстады
Астана полициясы интернетте ұтыс ойнатып, заңсыз ақша жинаған Шымкент қаласының үш тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
«Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Байқоңыр аудандық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен Шымкент қаласының үш тұрғынын ұстады.
Олар интернет ресурстарды пайдаланып, ұтысқа автокөлік тігеміз деген желеумен азаматтардың ақшасын жинап алған.
Полиция күдіктілердің осыған ұқсас 25 оқиғаға қатысы барын анықтады. Азаматтарға келтірілген материалдық шығын шамамен 8 миллион теңгені құрады. Ұсталғандар кінәсін мойындап, Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың елордада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
-->«Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Байқоңыр аудандық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен Шымкент қаласының үш тұрғынын ұстады.