Астаналық полицейлер шеберханаға ұрлыққа түскен азаматқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр
Астанада техника жөндеу шеберханасына түскен ұры құрықталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ұялы телефондардың ұрланғаны туралы полицияға техника шеберханасының иесі хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша кешкі уақытта белгісіз адам үй-жайға заңсыз кірген. Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын сотталған 39 жастағы астаналықты анықтады.
Тергеу барысында ер адамның Күйші Дина көшесіндегі кеңселер орталығына келгені белгілі болды. Техника шеберханасының есігі ашық қалғанын байқаған қаскүнем қылмыстық оймен үй-жайға кірген. Ол Samsung және Redmi ұялы телефондарды алып кеткен. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіледі.
-->Астанада техника жөндеу шеберханасына түскен ұры құрықталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.