Елорда жаңалықтары

Астаналық полицейлер ата-аналарға ескерту жасады

Елордалық полицейлер ата-аналарға балалардың терезеден құлап кету қаупі туралы ескертеді, деп хабарлады Elorda.info.

Балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлап кетуіне жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, қала тұрғындарына қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді.

-->

Ата-аналарды негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға ескертеміз:

- балаңыз үйде болса, терезені ашық ұстамаңыз;

- москит торларына ешқашан сенбеңіз, балалар оларға сүйеніп, тормен бірге құлап кетеді;

- Сіздің балаңыз терезені өздігінен аша алмайтындай терезелерге арнайы қорғаныс жүйелерін орнатыңыз (бекіткіштер, блокаторлар);

- барлық жиһаздарды, соның ішінде төсектерді терезелерден алыстатыңыз, бұл баланың терезеге шығуына жол бермейді, - делінген хабарламада.