Астаналық оқушылар көне кітапқа реставрация жасау ісімен танысты
Халықаралық балаларға арналған кітап күніне орай, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Астана қаласындағы мектеп оқушыларына арналған «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды, деп хабарлады Elorda.info.
Көрмеде VIII ғасыр шамасындағы руна жазуымен көне түркі тілінде жазылған «Ырық бітік» кітабы, Х-ХІІІ ғғ. Қарахан дәуіріндегі М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі, Алтын орда тұсындағы Құтбтың «Хұсырау-Шырын» дастаны, Қазақ хандығы кезеңіндегі араб, парсы, шағатай тілдеріндегі кітаптар қойылған.
Жас ұрпақтың көне кітаптарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында орталықтың қызметі таныстырылып, көне кітаптарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сағаты өтті.
-->Көрмеде VIII ғасыр шамасындағы руна жазуымен көне түркі тілінде жазылған «Ырық бітік» кітабы, Х-ХІІІ ғғ. Қарахан дәуіріндегі М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі, Алтын орда тұсындағы Құтбтың «Хұсырау-Шырын» дастаны, Қазақ хандығы кезеңіндегі араб, парсы, шағатай тілдеріндегі кітаптар қойылған.
Жас ұрпақтың көне кітаптарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында орталықтың қызметі таныстырылып, көне кітаптарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сағаты өтті.