Елорда жаңалықтары

Астаналық азамат танысының көлігін айдап әкетіп, жол апатын жасады

Астанада ішімдік ішкен ер адам бөтен адамның көлігін айдап әкетіп, жол апатын жасады, деп хабарлады Elorda.info қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлігінің ұрланғанына байланысты полицияға арыз түсірген. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 27 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында белгілі болғаны, ер адам түнгі уақытта Өзен көшесіндегі үйдің ауласында курстасы мен оның жанындағы жәбірленушіні кезіктірген. Әңгіме барысында масаң күйде болған азамат көлік иесінің қолынан кілтті тартып алып, аталған машинаны айдап әкеткен. Алайда ол алысқа ұзап үлгермей көрші көшедегі үйдің қоршауына соғылған. Келтірілген материалдық шығын 2 млн теңге.

-->

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», - делінген ведомствоның хабарламасында.