Елорда жаңалықтары

Астаналық жастар арасында діни ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Астанада жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істер комитетінің жоспарына сәйкесАстанада  және барлық өңірде жастар арасында 5 күндік ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады. Мұндағы мақсат – жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, ел жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу», - деді Астана қаласы әкімдігінің Діндерді зерттеу орталығынң бөлім басшысы Нұрсұлтан Жаншин.

Қалада 20-ға жуық іс-шара ұйымдастырыды. Іс-шарада  400-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шарада  әсіресе жастарға Астана қаласы әкімдігінің Діндерді зерттеу орталығының теологы Арман Нұрахметұлы, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Түсіпхан Имамумади, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, магистрі  Данияр Мейірбеков  «Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет», «Жастар және дін» т.б. тақырыптарда  ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл іс-шара Астанада және  ЖОО және колледж студенттері базасында болды.