Елорда жаңалықтары

Астаналық жас спортшылардың желідегі видеосы көпшілікті сүйсінтті

Астана қаласының №7 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі Муай-тай бөлімінің спортшылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мерекені атап өту аясында спортшылар әлеуметтік желілерде кеңінен таралған ерекше тренд түсіріп, көпшіліктің көңілінен шықты. Олардың шығармашылығы мен патриоттық рухы желі қолданушыларын тәнті етіп, көпшіліктің жылы лебізіне ие болды.