Астаналық волонтерлер қарттардың үйін қардан тазартуға көмектесті
Астаналық волонтерлер қарттардың үйін қардан тазартуға көмектесті
Толассыз жауған қар жеке тұрғын секторы тұрғындарына, әсіресе қарттарға қолайсыздық туғызды. Акция аясында волонтерлер екі мекенжайға барып, үй ауласында жиналған қарды тазалады.
«Астана жастары» КММ мекемесі Еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің маманы Айзат Әлидің мәліметінше, дәстүрлі акция әлі де жалғасын табады.
Айта кетейік, елордада 1-12 ақпан аралығында 22 мм-ден астам жауын-шашын түсті, бұл айлық нормадан 5 мм-ге артық. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдар мен тротуарлар мұзға айналды. Жолдарға 6 мың тоннадан астам құм-тұз қоспасы себіліп, коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
-->Толассыз жауған қар жеке тұрғын секторы тұрғындарына, әсіресе қарттарға қолайсыздық туғызды. Акция аясында волонтерлер екі мекенжайға барып, үй ауласында жиналған қарды тазалады.
«Астана жастары» КММ мекемесі Еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің маманы Айзат Әлидің мәліметінше, дәстүрлі акция әлі де жалғасын табады.
Жыл басынан бері «Игі істер марафоны» акциясы аясында қаланың барлық аудандарында 50-ден астам жалғызбасты ата-әжелердің ауласы қардан тазартылды. Еріктілер әрқашан көмекке асығады, өз кезегінде ата-әжелер әрқашан риза болып, балаларға көмек үшін алғыстарын білдіріп жатады. Бұл акция әлі де жалғасын табатын болады,- дейді А. Әли.