Елорда жаңалықтары

Астаналық волонтерлер 700-ге жуық іс-шара өткізді

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатыны төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

2020 жылдан бастап «Еріктілікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын» орындау шеңберінде «Астана жастары» ЖРО базасында волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстарға ресурстық және ақпараттық көмек көрсету үшін «қалалық еріктілер штабының» фронт-офисі жұмыс істейді.

-->

Тұрақты негізде 30 волонтерлік ұйыммен және 20 бастамашыл волонтерлік топпен, 4 ҮЕҰ-мен мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында, кәсіпорындармен және қала меценаттарымен бірлескен қызмет жүргізіледі. Штабта 6000-нан астам белсенді еріктілер жұмыс істейді. Олармен бірге 2023 жылы 670-тен астам іс-шара өткізілді. Негізгі жобалар: «BizBirgemiz», «Қауіпсіз қала", "қамқорлық мекенжайы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Taza Alem», - деді Ерлан Каналимов.